Прайс-парақ

жаңартылды 03.08.2011

көшіріп алу
шапка шапка шапка шапка
Қазақстан Республикасының халқына жоғары сапалы дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолжетімділігін арттыру және Қазақстанның фармацевтикалық саласын дамытуға ықпал ету.

Компания Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды.

Компания қызметінің мәні мыналар болып табылады:

• Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрі-дәрмек заттарын сатып алу жөніндегі ашық сауда-саттық ұйымдастыру;

• Тиісті дистрибьюторлық тәжірибелер және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды ұйымдастыру;

• Мемлекеттік медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектердің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың логистикасы үдерістерін ұйымдастыру;

• Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және жеткізуші логистикасы үдерістерін біріктіру үшін, айналым, тауарлық қалдықтар туралы өзекті ақпарат алу үшін ақпараттық жүйе құру.
11
Қазан
Баспасөз хабарламасы 2011 жылғы 11 қазан Бүгін «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьютордың конкурстық комиссиясы төмендету аукционы қағидаты бойынша 2012 жылға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі тендерлік рәсімнің екінші кезеңін бастады.
20
Қыркүйек
Баспасөз хабарламасы 2011 жылғы 20 қыркүйек «СҚ-Фармация» ЖШС тұмауға қарсы вакцинаны толық көлемде сатып алды. Бүгінгі таңда  Ваксигрип тұмауға қарсы тиімділігі жоғары вакцинаның 740 мыңнан астам мөлшері ыңғайлы заманауи пішінде –көлемі 0,5 мл (1 мөлшері) шприцпен берілген, ол Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында. Ағымдағы айдың аяғына дейін барлық сатылып алынған вакцина көлемі еліміздің медициналық ұйымдарына жеткізілетін болады.